Фото: скриншот

АҚШ-тың Флорида штатында тоқтаусыз жауын-шашын жауып, дауыл жүріп, мұның соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әсіресе, Майами мен Форт-Лодердейла қалалары қатты зардап шеккен. Шаһар көшелерін су басып, тасқын су пәтерлердің бірінші қабатына дейін көтерілген. Әуе рейстері кешігіп, жолаушылар мезетінде діттеген жеріне жете алмай жатыр. Жаз басталғалы алапат дауылдың екпіні әлі басылар емес.

Метереологтар АҚШ-тың бірнеше штатында торнадоның екпіні күшейеді деп ескертті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!