Фото: Michel Euler/Copyright 2023 The AP. All rights reserved

Күдікті Гонессе (Валь-д’Уаз) ауруханасында қамауға алынды. Оны жедел жәрдем қызметі ауруханаға өз қолымен жасалған жарылғыш құрылғыны жасауға тырысқанда алған жарақаттар мен күйіктерден кейін жеткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Францияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, қолдан жасалған жарылғыш затты пайдаланып теракт жасауға ұмтылған 26 жастағы қос азаматтығы бар (авт. Ресей және Украина) азамат қамауға алынды.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, полиция оның қонақүй бөлмесінен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жасауға арналған компоненттерді тапқан.

Күдікті жарылғыш затпен жұмыс істеген кезде жарақаттар мен күйіктер алған.

Le Journal du Dimanche басылымының мәліметтері бойынша, сондай-ақ бірнеше жалған паспорт пен атыс қаруы тәркіленген.

Құқық қорғау органдары ер адам Париждің Руасси-Шарль-де-Голль әуежайынан Украинаға ұшуы тиіс рейсте теракт жасауды жоспарлады деп күдіктенуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!