Фото: ИРНА
KAZINFORM — Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль армиясының блокададағы Газа секторына жасаған шабуылдарынан құрбан болғандар саны 43 020 адамға жетті. Ал жараланғандар саны 101 110 адамды құраған, деп хабарлайды ирандық ИРНА агенттігі.
«Тек соңғы тәулікте Израиль армиясының шабуылынан 96 палестиналық көз жұмып, тағы 277 адам жараланды», — деп таратты ИРНА Газа секторының министрлігіне сілтеме жасап.
Еске салсақ, ХАМАС Газа секторы бойынша келісімге келуге дайын екенін хабарлады. Сонымен қатар Мысыр кепілге алынған төрт адамды бірнеше палестиналық тұтқынға айырбастауды ұсынды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!