Фото: Abed Rahim Khatib/Flash90

KAZINFORM – ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күнгі баспасөз мәлімдемесінде Газа секторындағы палестиналықтардың Израильдің жалғасып жатқан шабуылдарынан қаза тапқандар саны 30 534-ке жеткенін хабарлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

Мәлімдемеге қарағанда, соңғы 24 сағатта 124 палестиналық қаза тауып, 210-ы жараланған.

Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталған 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалпы қаза тапқандар саны 30 534-ке, жараланғандар саны 71 920-ға жетті.

Ведомствоның атап өтуінше, бомбалаудан кейін кейбір зардап шеккендер үйінді астында қалған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!