Фото: freepik

Zakon.kz. Германияда маймыл шешегінің жаңа вариантын жұқтыру фактісі алғаш рет тіркелді.

Мұны Роберт Кох атындағы қоғамдық денсаулық институты хабарлап отыр. Дегенмен, осы мекеме таратқан өзге бір мәліметке қарағанда, бұл аурудың Германияда кең тарау мүмкіндігі төмен.

Айта кетсек, маймыл шешегі биыл Конго Демократиялық Республикасында өршіп, Африканың өзге елдерінде мыңдаған адамнан және Швецияда анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Осыған байланысты, тамыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялағаны белгілі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!