Гонконгтың Таи По ауданындағы Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде шыққан өрттен қаза тапқандар саны 94 адамға жетті, бұл соңғы 70 жылдағы ең ірі тұрғын үй өрті деп бағаланып отыр, деп хабарлайды «Адырна».
Өрт салдарынан шамамен 155 адам зардап шекті, оның 11-і өрт сөндірушілер. олардың 15-інің жағдайы өте ауыр.
Құтқарушылардың айтуынша, қаза тапқандардың көпшілігі жалын ең қатты өршіген жеті ғимараттың екеуінен табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің тез таралуына ғимараттың сыртына орнатылған бамбук баспалдақтар мен торлар, сондай-ақ жанғыш материалдар себеп болды.
Тергеу жүріп жатыр, күдіктілер мен жауапты тұлғалар анықталуда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!