Гонконгте қызыл жалын әлі толық сөнген жоқ. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысып жатқанына бір тәуліктен асты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
Жоғалғандар табылмай жатыр. Көмекке Қытай халық-азаттық армиясы тартылды.
Өрт жемқорлықтың кесірінен болуы мүмкін. Бұл мәселе Қытай қоғамында резонанс тудырды. Осыдан кейін жергілікті жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тәуелсіз комиссия құрып, жұмыс тобы жаппай тексеру жүргізуге кірісті.
Мұндай алапат өрт Гонконг тарихында кейінгі отыз жылда тіркелмеген.
Өрттен қаза тапқандар саны 65-ке жетті. Тағы 123 адамның жағдайы ауыр. 300-ге тарта тұрғын із-түзсіз жоғалған. Қызыл жалын шарпыған Тай По ауданындағы «Ван Фук Корт» тұрғын үй кешенінде шамамен төрт мың адам тұрған.
Өрттің қауіп деңгейі ең жоғары, бесінші деңгейге жеткен. Билік жеті жүзден астам тұрғынды эвакуациялап, уақытша орналастыру орталықтарын ашты. Онда зардап шеккендерге ас-су, жылы киім мен дәрі-дәрмек таратылып жатыр.
Адам өліміне себепші болды деген айыппен 3 адам қамауға алынды. Оның екеуі құрылыс фирмасының директоры, біреуі – инженер-кеңесші. Қайғылы оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
