Фото: sputnik-georgia.ru
Бұрынғы футболшы, «Халық күші» партиясының мүшесі Грузия президенті атанды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Михаил Кавелашвили 53 жасында Грузия президенті атанды. Ол президент лауазымына жалғыз үміткер болған.
Оның кандидатурасын «Грузин арманы» билеуші партиясы ұсынған.
Грузияда өткен сайлаудың басты ерекшелігі – президентті алғаш рет халық емес, құрамында 300 сайлаушы бар сайлау алқасынң таңдауы. Михаил Кавелашвили 224 дауыс жинаған. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 29 желтоқсанда өтпек. Ол 5 жыл мерзімге сайланады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!