Израиль тарапынан соққы жасалуы мүмкін деген ақпарат тараған соң Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Хосейн Салами мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
СNN агенттігінің мәліметінше, Салами өз сөзінде «дұшпанның» Иранға әскери жолмен қауіп төндіргісі келетінін атап өтіп, Ислам Республикасының кез келген сценарийге толық дайын екенін жеткізді.
12 маусымда Израиль Иранның ядролық нысандарына қарсы операцияны бастайтыны туралы АҚШ-қа ескерткені белгілі болды.
Осыдан соң АҚШ азаматтарына Таяу Шығыстан уақытша кетуге кеңес берілген.
The New York Times басылымы да Иран билігінің Израильдің ықтимал соққысына жауап ретінде қарсы әрекет жоспарын әзірлеп қойғанын жазды.
Бұған дейін Иран Таяу Шығыстағы барлық америкалық базаларға соққы жасайтынын ескерткен еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!