Иран әскери күштері АҚШ-тың Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасеке провинциясында орналасқан әскери базасына минометтік шабуыл жасады. Бұл туралы бүгін, 23 маусымда Иранның Mehr және Fars агенттіктері жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, атыстан кейін аймақтағы америкалық бөлімшелер жоғары әскери дайындық режиміне көшірілген.
Сондай-ақ стратегиялық нысандарда қауіпсіздік шаралары едәуір күшейтілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл шабуыл Иранның АҚШ-тың ирандық ядролық нысандарға жасаған соңғы соққыларына берген жауабы болуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Иран АҚШ-ты халықаралық құқықты өрескел бұзды деп айыптаған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!