Иран хиджаб кимегендерді өлім жазасына дейін жазаға тартатын заңын қабылдаған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тегеран билігі наразылықтардан қорқып, хиджаб кию ережесін бұзғаны үшін жазаны қатайтпау туралы шешім қабылдады.
Тегеран әйелдердің қоғамдық орындарда міндетті түрде хиджаб киюіне қатысты қатаң заң енгізу процесін тоқтатты. Иранда хиджаб киюден бас тартқандар үшін қазірдің өзінде айыппұлдар мен бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, бірақ жаңа заң айыппұлдар мен жазаларды көбейтеді.
Иран парламентінің ережелерді қатайту туралы бастамасын вето құқығын пайдаланған ел президенті Масуд Пезешкян қолдамады. Ол жаңа шара 2022 жылғы наразылықтарға әкеледі деп санайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!