Испанияның Азаматтық гвардиясы қазақстандықтарды криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұсталғандар қатарында ұйымдасқан топтың 12 мүшесі бар. Олар Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина азаматтары екен.

Тергеу қызметінің пікірінше, күдіктілер құны €50 асатын криптовалютамен түрлі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырып келген. Сонымен қатар Испания провинцияларында 20 алаяқтық операцияны іске асырған.

Тергеу Еуропалық полиция агенттігі (Еуропол) мен Интерполдың қолдауымен атқарылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!