Израиль үкіметі Иранға қарсы операцияның мақсаттарына қол жеткізілгенін және тіпті артығымен орындалғанын мәлімдеп, сондықтан ел атысты тоқтату туралы Дональд Трамптың ұсынысымен келісетінін хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RBC-ге сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Израиль тарапы бітім бұзылған кез келген жағдайда қатаң жауап беретінін атап өтті.

Израиль билігі АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған Иранмен әскери қақтығыста атысты тоқтату режимі күшіне енгенін растады. Бұл туралы 24 маусым, сейсенбіде таңертең Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі хабарлады. Мәлімдемеге сәйкес, Нетаньяху өз кабинетіне Израиль барлық әскери мақсатқа қол жеткізгенін хабарлаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Иран Израиль сейсенбіде Тегеран уақытымен 4:00-ге дейін (Астана уақытымен 5:30) шабуылдарды тоқтатса, жауап шараларын доғаратынын мәлімдеген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!