Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы Газадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы делдал елдердің бірінің жоғары лауазымды өкілдері мен Израильдің екі шенеунігі хабарлады деп жазды басылым.

Соңғы минуттардағы келіспеушілік

«Келісім Израиль министрлер кабинетімен ресми түрде ратификациялануы керек», – деп қосты олар. Сонымен қатар әлі де жоюды қажет ететін техникалық бөлшектер бар», – делінген мақалада.

Тағы екі шенеунік қазіргі уақытта Израиль күштері бақылауда ұстап отырған Мысыр мен Газа арасындағы шекараға қатысты соңғы минуттарда келіспеушілік болғанын айтты.

Аты-жөнін атамауды сұраған Ақ үйдің екі шенеунігі атысты тоқтату келісіміне қол қойғандарын растады. Мұны ХАМАС өкілі Басем Наим де растады.

Трамп тарапы не дейді?

Сонымен қатар АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде «олар босатылады» деп жазып, кепілге алынғандарды айырбастау туралы келісімдер жасалғанын хабарлады.

Трамп егер Израиль мен ХАМАС оның 20 қаңтарда өтетін инаугурациясына дейін келісімге келмесе, ауыр зардаптар болады деп қорқытты. Кейбір ресми тұлғалардың ақпаратынша, бұл келіссөздерді алға жылжыту бойынша әрекеттер басталып та кетті. 

Тұтқындар қалай босатылмақ?

Егер келісім орындалса, ондаған мың палестиналықтардың өмірін жалмаған және анклавтың (бір мемлекеттің аумағында орналасқан басқа бір мемлекеттің территориясы – еск.) көп бөлігін жойған бір жылдан астам жойқын соғыстан кейін, Газада ұсталған израильдіктер мен Израильдегі палестиналық тұтқындарды босатуды жоспарлап отыр. 

Басылым Израильдің де, ХАМАС-тың да келісімді ресми түрде қолдамағанын, бірақ топ сейсенбі күні келіссөздер «соңғы кезеңге» жеткенін мәлімдеді. Ал сәрсенбі күні кешке Израиль сыртқы істер министрі Гидеон Саар кепілге алынғандар туралы кеңседегі талқылау үшін шетелдегі сапарынан ерте қайтып келе жатқанын айтты. 

Келіссөздердің соңғы кезеңдері

ХАМАС сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жасап, егжей-тегжейлі мәлімет бермей, ұсынылған келісімге жауап бергенін айтты.

Мәмілені толық жүзеге асыру үшінХАМАС-тың Дохадағы келіссөздер тобы Газадағы топ қолбасшыларының, оның ішінде көшбасшы Мұхаммед Синвардың келісімін алуы керек.

Келіссөздердің соңғы кезеңі Мысыр және АҚШ-пен бірге негізгі делдал саналатын Қатарда өтіп жатыр. Қатар Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Маджед әл-Ансари сейсенбі күні екі жақ негізгі келіспеушіліктерді еңсерді деп мәлімдеді.

Израиль президентінің бұйрығы

Израиль президенті Ицхак Герцог әскери-саяси кабинетті Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімді бекітуге шақырды.

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, ол сәрсенбі күні халыққа арнайы үндеу жасаған.

«Мен министрлер кабинеті мен Израиль үкіметінің мүшелерін келісімді оларға ұсынылған кезде мақұлдауға шақырамын. Біздің бауырластарымызды үйлеріне қайтару моралі тұрғанда адами, еврей және израильдік парыз маңызсыз болмақ», – деді ол.

Қақтығыстар қалай басталды?

2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС Израильге кенеттен шабуыл жасады. Бұл оқиға «Қарақазан шабуылы» деп аталды. ХАМАС 5 мыңнан астам зымыран атқылап, Израиль аумағына басып кірді. ХАМАС содырлары бейбіт тұрғындарды кепілге алып, соққылар жасады. 

Израиль бұл шабуылға жауап ретінде Газа секторына кең ауқымды әскери операция бастады.
Нәтижесінде, мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тапты. Газа секторының жағдайы гуманитарлық дағдарысқа ұшырады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!