Фото: dzen.ru
29 маусым күні кешке Израильдің ірі қалаларында үкіметке қарсы шеру басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ең үлкен шеру Тель-Авивте өтіп жатыр. Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөздерінде ілгерілеушілік болмағандықтан шерушілер көшеге шықты. Митингіге кепіл айырбастау келісімдерінің болмауы және Ливанмен толық ауқымды соғыс қаупі себеп болды.
Сондай-ақ Тель-Авивтегі шерушілер Газада кепілге алынғандарды босатуды, сондай-ақ премьер-министр Биньямин Нетаньяху үкіметін ауыстыру үшін мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етіп жатыр.
Шерушілер мемлекеттік туды желбіретіп, үкіметке қарсы ұрандар айтып жатыр. Шерушілер барабан соғып, кепілге алынғандардың фотосуреттерін ұстап, мерзімінен бұрын сайлауды талап етті. Бірнеше өрт қою оқиғасы тіркелді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!