Израильдік El Al әуе компаниясы Шешенстанға ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағының құлауына байланысты Мәскеуге ұшатын барлық рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеп.
Ақпарат бойынша, Ақтау маңына құлаған ұшақтың апатқа ұшырау себебіне Ресейдің тікелей қатысы болуы мүмкін. Сондықтан израильдік El Al әуе компаниясы Тель-Авивтен Мәскеуге ұшуды тоқтату туралы шешім қабылдағанын жариялады. Мұндай шешім Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін қабылданды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!