KAZINFORM – Израиль Иранға әуе шабуылдарын бастағаннан кейін шикі мұнай фьючерстері күрт көтеріліп, 13%-ға өсті, деп хабарлайды CNBC.
Американың West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 9,66%-ға қымбаттап, барреліне 74,64 доллар болды, ал Brent маркалы мұнай барреліне 9,27%-ға өсіп, 75,79 долларға жетті. Бұл – 2020 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Айта кетейік, Иран билігі Израильмен арадағы шиеленістің күрт шиеленісуіне байланысты Тегеран мен елдің орталық провинцияларында бірнеше нысанда жарылыс болғанын растады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!