АҚШ вице-президенті Камала Харрис демократиялық партия атынан ресми түрде Америка президенті лауазымына үміткер болып сайланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Онлайн дауыс беру арқылы Харрис демократтардың 99% дауысына ие болды. Ол бұл туралы Филадельфиядағы партия жақтаушыларының кездесуінде осылай деп мәлімдеді.
Ал вице-президенттікке үміткер ретінде өзінің серіктесі, Миннесота губернаторы Тим Уолцты көпшілікке таныстырды. Жиында Уолцтың кандидатурасын мақұлдағандар көп.
Осылайша, Харрис қарашада өтетін саяси науқанда жеңіске жеткен жағдайда, АҚШ-тың алғашқы әйел президенті бола алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!