Фото: pixabay.com
Кариб теңізіндегі Белиз курорттық аймағында ер адам екі баласы бар туристі атып тастады, – деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі De Telegraaf басылымына сілтеме жасап.
Нидерландыдан келген 43 жастағы әйел, оның 11 жасар қызы мен 8 жасар ұлы Кариб теңізі курортында демалған. Олар Бельмопандағы базарда балмұздақ жеп жатқанда қарулы адам бірнеше рет оқ жаудырып, «сазайыңды тарт!» деп айқайлаған көрінеді.
Оқыс оқиға салдарынан анасы мен қызы тіл тартпай кетті. Ал 8 жасар баласы ауруханаға түсті. Шабуыл жасаған ер адам туристерге пәтерін жалға берген азамат екені анықталды.
Қазір қаскөй ұсталып, қамауға алынды
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!