Фото: видеодан кадр
KAZINFORM – Кенияда үкіметке қарсы шерулер қайта басталды. Найробиде салықты көтеру туралы даулы заң жобасының күші жойылғанына қарамастан, полиция агрессивті демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдана бастады, деп жазады ТАСС.
Citizen TV хабарлауынша, үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен шерулер елдің ең ірі қалалары Момбаса мен Кисумуда өтіп жатыр.
Наразылық шерулері 18 маусымда басталды. Бірақ 25 маусым күні жаңа салық енгізу туралы заң жобасының күшін жоюды талап еткен наразылар парламент пен қалалық кеңес ғимараттарын өртеп жіберіп, жағдай ушыға түсті.
26 маусымда президент Уильям Руто даулы заң жобасын жойды. Алайда демонстранттар тағы наразылықтарға шақырып, 27 маусым күні де жалғасты.
Кенияның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиясының мәліметі бойынша, 18 маусымнан бері 39 адам қаза тауып, 350-ден астамы жарақат алған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!