KAZINFORM — Экзопланеталарды анықтауға көмектесетін екі жоғары дәлдіктегі құралдың көмегімен табылған бұл ғаламшар «GJ 251 c» деп аталды, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

АҚШ-тағы Калифорния университетінің зерттеушілері Жерден 18 жарық жылы қашықтықта орналасқан M типті ергежейлі жұлдыздың өмір сүруге қолайлы аймағынан жаңа «супержер» экзопланетаны анықтады.

Экзопланеталарды анықтауға арналған екі жоғары дәлдіктегі бақылау құралы арқылы табылған бұл ғаламшар «GJ 251 c» атауын алды.

Зерттеуде аталған жоғары дәлдіктегі бақылау құралдарының экзопланетаның M типті ергежейлі жұлдызға әлсіз тартылатынын және оның құрылымы Жерге ұқсас тасты болуы мүмкін екенін анықтағаны айтылған.

Планетаның беткі температурасы сұйық су үшін қолайлы болуы ықтимал, бұл – тіршіліктің пайда болуының негізгі шарттарының бірі.

GJ 251 c планетасы Жерден бірнеше есе үлкен және Құс жолы галактикасының салыстырмалы түрде жақын бөлігінде орналасқан.

Зерттеушілердің бірі Пол Робертсон бұл туралы былай деді:

«Қазіргі уақытқа дейін біз соншалықты көп экзопланета аштық, сондықтан жаңа планетаның табылуы бұрынғыдай үлкен жаңалық болып саналмайды. Алайда бұл ашылымның ерекше құндылығы — оның негізгі жұлдызы бізден небәрі 18 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ғарыштық өлшеммен алғанда, бұл оны көрші ғаламшар деуге болады».

Зерттеу нәтижелері «The Astronomical Journal» журналында жарияланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!