Фото: freepik.com
Колумбия билігі елдің жалпы ішкі өнімін 6,8 пайызға жеткізу үшін ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект енгізді, деп хабарлайды KAZINFORM ақпараттық агенттігі TV BRICS–ке сілтеме жасап.
Колумбияның Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігі осы саладағы сәтті пилоттық жобалар туралы хабарлады. Мәселен, Барранкилья қаласында судың сапасын өлшейтін прототиптер қолданылады. Басқа аймақтарда ЖИ топырақ сипаттамаларын, соның ішінде рН деңгейін талдау үшін, егін өнімділігін оңтайландыру үшін қолданылады.
Сонымен қатар, ведомство фермерлерге нақты уақыттағы деректер, нұсқаулар және ресурстармен қамтамасыз ететін Campo Innova қолданбасын әзірледі. Цифрлық платформа біліммен алмасуды жеңілдетуге және шалғайдағы қауымдастықтарға агротехнологиялық озық шешімдерге қол жеткізе алатындай ауылдық байланысты жақсартуға бағытталған.
Ақпарат агенттігінің мәліметінше, Колумбия ауыл шаруашылығына ЖИ енгізу арқылы өзін тұрақты инновацияда көшбасшы ретінде көрсетіп, фермерлерге жылдам өзгеретін әлем қиындықтарына қарсы тұру құралдарын ұсынып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!