Ресей мұсылмандарының рухани жетекшісі, мүфти шейх Равиль Гайнутдин лаңкестік әрекет кезінде Crocus City Hall ғимаратынан жүзден астам адамды алып шыққан 15 жастағы Ислам Халиловқа мұсылмандардың жоғары наградасын табыс етті, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мүфти шейх Равиль Гайнутдин әке мен бала Халиловтарға жеке шақыруын жеткізді.

“Қасиетті Рамазан айындағы жұма намазының мүбәрәк жұма күні Мәскеу соборы мешітінің қабырғасында біздің он бес жастағы ислам дінін ұстанушы жігіттің ерлігі мен халқын құтқарғаны үшін Ресей мұсылмандарының «Еңбек сіңіргені үшін» медалімен марапатталады”, делінген хабарламада.

Бұған дейін 15 жастағы Исламның ерлігі туралы хабарлаған едік. Ол Crocus City Hall концерт залының гардеробында жұмыс істеген. Оның айтуынша, жұмысқа орналасу кезінде барлық қызметкерлерге төтенше жағдай кезінде нұсқаулар берілген. Теракт болған кезде ол нұсқауларға сәйкес әрекет етіп, эвакуацияны бақылауға алды, адамдарды тұйықтан тар өткелден, ал қызметтік кіреберіс арқылы көшеге қауіпсіз жерге апара алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!