Видеодан скриншот

Магдебургте теракт салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тауып, тағы 80-ге жуық адам жарақ алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Магдебург полициясының дерегіне сәйкес, әзірге қылмыскердің жалғыз не топпен әрекет еткені белгісіз. Жаңа жылдық жәрмеңке аумағында ол көлікпен 400 метрге жуық жерді жүріп өткен. 

«Магдебургтегі хабар тек жаман нәрсені болжауға мәжбүрлейді. Менің ойым құрбандар және олардың жақындарымен бірге. Біз Магдебург халқының жағындамыз. Осындай сын сағатында қайсарлықпен жұмыс істеген құтқару қызметінің өкілдеріне алғыс білдіремін», – деп жазды Германия канцлері Олаф Шольц Х платформасында. 

Адамдар тобын көлікпен қағып өткен адам Сауд Арабиясының тумасы, 1974 жылы туған. 
Die Welt ақпаратына сенсек, ер адам көлікті жалға алып, кейін жәрмеңке аумағына кіріп кеткен. Сондай-ақ жолаушы орындығында сөмке болған. Арнайы қызмет оның ішінде жарылғыш зат болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Күдікті қазір қамауда. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!