Фото: STEPHANE DE SAKUTIN/POOL/AFP via Getty Images

Франция президенті Эммануэль Макрон үкіметтің отставкасын қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Премьер-министр бүгін республика президентіне өз үкіметін отставкаға жіберу туралы өтініш берді. Ол мұны қабылдады. Мишель Барнье үкімет мүшелерімен бірге жаңа үкімет тағайындалғанға дейін өз міндеттерін орындайды, – делінген президент резиденциясының Х желісіндегі мәлімдемесінде. 

Президент Макрон Барньені Елисей сарайында қабылдағаны айтылды. Оның отставкаға кеткені туралы ресми ақпарат шыққан жоқ. Эммануэль Макрон өз қызметін 2027 жылға дейін жалғастыруға ниетті екенін және «мерзімінің соңғы күніне дейін елге қызмет ететінін» мәлімдеді

Ақпарат көздері Макрон тез арада Үкіметке сенімді адам тағайындауды көздеп отыр дейді. Осы сенбі күні Нотр-Дам соборы қайта ашылады, оған АҚШ-тың жаңа сайланған президенті қатысады. Макрон содан бұрын Үкіметтің жаңа басшысын сайлап үлгермек.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!