Сурет: wikimedia.org

Франция президенті Эммануэль Макрон отандастарына үндеу жасап, Парламенттің төменгі палатасы – Ұлттық Ассамблеяның таратылатынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости жазады.

«Мен бүгін кешке Ұлттық Ассамблеяны таратамын. Жаңа парламенттік сайлау туралы жарлыққа жақын арада қол қоямын. Сайлаудың туры 30 маусымда, екіншісі 7 шілдеде өтеді», – деді Макрон.

Бұған дейін Францияның қауіпсіздік қызметі жазғы Олимпиада ойындары кезінде футбол матчы кезінде терракт жасамақшы деген күдікпен 18 жастағы шешен жігітті қамауға алғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!