Фото: Pixabay.com

Мальдив аралдары Газа секторындағы қақтығысқа байланысты Израиль азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салады. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасап, KAZINFORM хабарлады. 

Президент кеңесі Министрлер кабинетінің ұсынысымен осындай шешім қабылдаған. Үкімет қолданыстағы заңға түзету енгізіп, оны қадағалау үшін Министрлер кабинетінің кіші комитетін құрады. Израиль Сыртқы істер министрлігі тыйым салу туралы хабардан кейін аралға барудан бас тартып, онда жүрген азаматтарға елге қайтуға кеңес берді. 

«Өйткені олар белгісіз себеппен қиындыққа тап болса, көмектесу мүмкін болмайды», делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!