Фото: REUTERS
Лос-Анджелесте өткен америкалық киноакадемияның 96-шы жүлдесін тапсыру рәсімінде украиналық режиссер Мстислав Черновтың «Мариупольдегі 20 күн» фильмі – үздік толықметражды деректі фильм атанып, «Оскар» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасап.
Бұл – украиналық фильм авторларына берілген алғашқы «Оскар». Бұған дейін 2022 жылы аталған фильм британдық BAFTA киносыйлығын жеңіп алған болатын.
Сонымен бірге, ең көп марапат алған фильм Кристофер Ноланның «Оппенгеймер» туындысы болды. Ол 7 «Оскарды» бір-ақ жеңіп алды. «Оппенгеймер» – ең үздік фильм, ал оның режиссері – ең үздік режиссер атанды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!