KAZINFORM — Америкалық миллиардер Джефф Безос негізін қалаған Blue Origin компаниясының New Glenn зымыран тасығышы Марстың магниттік қабықшасын зерттеу үшін ESCAPADE зондтарын ғарышқа ұшырды. Бұл туралы Report агенттігі жазды.
Аталған зондтарды америкалық ғалымдар әзірлеген.
Ракета Флорида штатының Канаверал мүйісінен жергілікті уақыт бойынша 15:55–те ұшты. Компания 34 минуттан кейін спутниктердің Марсқа бет алған ғарыш кемесінен бөлінгенін растады. Зондтар планетаның орбитасына 2027 жылдың қыркүйегінде жетеді.
Бастапқыда ұшыру 9 қарашаға жоспарланған еді. Алайда ауа райының қолайсыздығы мен күн белсенділігінің жоғарылауына байланысты екі рет кейінге шегерілді.
New Glenn Илон Масктың SpaceX зымыран тасығышымен бәсекелесе алады. Оның алғашқы сынағы биыл қаңтар айында өтті. Зымыран тасығыштың бұл жолғы ұшырылуы, оның екінші мүмкіндігі болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
