KAZINFORM — Сауд Арабиясында мұсылмандардың жыл сайынғы Меккеге қажылық сапары кезінде аптап ыстықтан жүздеген адам қайтыс болды, деп хабарлады DW ақпарат агенттігі.  

Қайтыс болған адамдардың нақты саны белгісіз, бірақ AFP агенттігінің хабарлауынша, тек қажылық кезінде кем дегенде 550 адам қайтыс болған.

Оның ішінде 323-і Мысырдан келген. 

Tunis Afrique Presse ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құрбандар арасында Тунистің 35 азаматы бар. 

Иорданияның Сыртқы істер министрлігі қажылыққа Иорданиядан барғандарды жерлеуге 41 рұқсат берілгенін хабарлады.

Иранның ИРНА ақпарат агенттігі 11 ирандықтың қаза тапқанын, тағы 24-і ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. 

Сондай-ақ үш Сенегал азаматы мен 144 Индонезия азаматының қайтыс болғаны айтылды. .

Бұл адамдардың көпшілігі қатты аптап ыстықтан қайтыс болды, деп хабарлады туыстары әлеуметтік желіде.

Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі өте жоғары температура кезінде қажылыққа барушылар арасында ерекше өлім жағдайлары анықталмағанын мәлімдеді. 

17 маусымда Меккедегі Масджид әл-Харам үлкен мешітінде ауа температурасы көлеңкеде 51,8 градусқа жетті, деп хабарлады Сауд Арабиясының телеарнасы.

2700-ден астам адамға қатты қызып кетуіне байланысты медициналық көмек көрсетілді. 

Биылғы қажылық 14 маусымда басталып, 19 маусым күні кешке аяқталады.

Сауд Арабиясы статистика департаментінің мәліметінше, қажылыққа 1,8 миллион адам қатысып жатыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!