KAZINFORM — Сенбі күні Мексиканың батысындағы Мичоакан штатында туристік автобустың аударылуы салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Штаттың Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде автобустың Уруапан қаласынан шығып, Тлальпухауа муниципалитетіне қарай бет алғанын мәлімдеді. Оқиға орнына тергеушілер мен сот-медициналық сарапшылар жіберілген.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кемінде 20 жолаушы жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша, билік әлі апаттың себебін анықтамаған, тергеу жалғасып жатыр.

Мексикада жол-көлік оқиғалары өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі саналады. Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы ел бойынша 374 949 жол апаты тіркелген, оның салдарынан 4 656 адам қаза тауып, 85 980 адам жарақат алған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!