Фото: ашық дереккөзден

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси Ливанда жаңа майдан басталу қаупі барын айтты. Оның пікірінше, бұл аймаққа айтарлықтай қауіп төндіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шиеленісті азайтуға шақырды 

Каирде АҚШ Қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы Чарльз Браунмен кездесу барысында ас-Сиси Таяу Шығыстағы қазіргі шиеленісті азайтып, қақтығыстың өршуіне жол бермес үшін әлемдік қауымдастықтан барынша күш салуды талап ететінін атап өтті. 

 «Ливанда жаңа майданның ашылуы өзімен бірге үлкен тәуекелдерді тудырады, — деді Мысыр президенті. 

Ол сондай-ақ Ливанның егемендігін сақтап, елдегі тұрақтылықты қорғау қажеттілігін атап өтті.

Газадағы жағдайды талқылау 

Кездесуде Газа секторындағы бітімгершілік келіссөздері де талқыланды. Ас-Сиси мен Браун Палестина анклавындағы атысты тоқтату туралы келісім аймақтағы жағдайдытұрақтандыруға негіз бола алады деген пікірге келді.

Израиль мен «Хезболла» арасындағы шиеленіс

ас-Сисидің мәлімдемелері Израиль мен Ливанның «Хезболла»қозғалысы арасындағы қақтығыс күшейген кезде айтылды. Жексенбіге қараған түні Израиль армиясы зымыран соққысын дайындауға жауап ретінде Ливан аумағындағы Хезболла нысандарына соққы бергенін хабарлады. Осыған байланысты Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант елде 48 сағаттық төтенше жағдай режимін жариялады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!