АҚШ-тағы Трамптың саясаты НАТО-ны тығырыққа тіреуі мүмкін. Бұл туралы Германиядағы бейбітшілік зерттеулері институтының (PRIF) сарапшылары 2025 жылғы Friedensgutachten баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Институт директорының орынбасары Кристофер Дазенің айтуынша, Вашингтонның қазіргі сыртқы саясаты, ұлттық мүддені барлығынан жоғары қоюы, халықаралық ұйымдардан шығуы және одақтастарға қысым көрсетуі НАТО-ға ауырлық әкелген.
Трамп әлемдегі ең көне демократияны авторитарлық режимге айналдырды, – деді Дазе.
Оның сөзінше, Трамптың билікке оралуынан кейін АҚШ:
– халықаралық ұйымдардан шықты,
– БҰҰ-ға жарналар төлеуден бас тартты,
– шетелдік көмек көлемін күрт қысқартты,
және өзге елдерге қарсы жаңа кедендік салықтар енгізді.
Еуропа қорғанысты өз қолына алуы керек
Сарапшылар Германия үкіметіне:
Еуропаның біріккен қорғаныс құрылымдарын құру бойынша нақты кезең-кезеңімен жоспар әзірлеуді,
PESCO (ЕО тұрақты құрылымдық қорғаныс ынтымақтастығы) аясындағы әскери кооперацияны күшейтуді және ЕО-ның бірлескен миссияларын кеңейтуді ұсынады.
Сонымен қатар олар қорғаныс пен қарулануды арттырумен қатар, қару-жарақты бақылау жөнінде келіссөздер жүргізуді де ұсынады. Бұл – Қырғи қабақ соғыс кезіндегі тәжірибеге ұқсас қадам.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!