фото: baq.kz
Нигерияның батыс бөлігінде қаруланған бір топ адам Агвара аймағындағы Папири қауымында орналасқан Әулие Мария католик мектебіне басып кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Қылмыскерлер 215 оқушы мен 12 мұғалімді ұрлап әкеткен. Нигерия Христиан қауымдастығының (CAN) жергілікті бөлімшесінің өкілі Даниэль Атори жағдайға қатысты түсінік беріп, жоғалғандарды табу және оларды аман-есен үйлеріне қайтару бағытында белсенді шаралар жүріп жатқанын айтты.
Жергілікті билік пен қауіпсіздік күштері кепілге алынған адамдардың орналасқан жерін анықтап, шабуыл жасағандарды ұстау үшін арнайы операция жүргізіп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!