Фото: nova.bg
Алжир президенті Әбділмаджид Теббун Олимпиада чемпионы атанған отандасы боксшы Иман Хелифті Ұлтқа еңбек сіңірген» орденімен марапаттады, деп хабарлады Ulyssport.kz.
Мемлекет басшысы боксшыға сый-құрмет көрсетіп, оның Алжир спортына өлшеусіз еңбек сіңіргенін атап өтті.
ХЕЛИФ ТУРАЛЫ «ЖЫНЫСЫН АУЫСТЫРҒАН ЕР АДАМ» ДЕГЕН ҚАУЕСЕТ ТАРАДЫ
Еске салсақ, Олимпиаданың 1/8 финалында италиялық Анджела Карини 46-секундта Хелифпен жұдырықтасудан бас тартты. Осыдан кейін Хелиф туралы «жынысын ауыстырған ер адам» деген қауесет тарай бастап, ол үлкен дауға айналды. Соған қарамастан Хелиф өзін кекетіп, мазаққа айналдырған дүйім жұртқа іштегі ренішін білдірмей, финалға дейін жетіп, 66 келі салмақта чемпион атанды.
Бірақ бір әттеген-айы ол Олимпиаданың жабылу салтанатында ту ұстау құқығынан айырылды.
БИЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАДА ТӨРТ ЕЛ АЛҒАШ РЕТ ЖҮЛДЕ АЛДЫ
Биылғы Олимпиадада 4 мемлекетке алғаш рет жүлде бұйырды. Жүлдені Доминикан Республикасынан үш қарғып секіруден Теа Лафонд Олимпиадасының чемпионы атанса,
Сент-Люсия елінің спортшысы Жюльен Альфред 100 метрге жүгіруден әйелдер бәсекесінде топ жарды. Сосын ол 200 метр қашықтықта күміс жүлде тақты.
Кабо-Верденің атынан бокс жарысына қатысқан Даниэл Варела де Пина 51 келіде қола медальді иеленді. Ол жартылай финалда болашақ Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтан есе жіберді.
Албания атынан сынға түскен Чермен Валиев еркін күрестен 74 келіде қола жүлде жеңіп алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!