Фото: Olympic.kz
Спортты дамыту дирекциясы Олимпиаданы көру үшін Парижге қанша турист барғаны туралы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл ХХХІІІ жазғы Олимпиадасының кешенді жарысы кезінде 10 миллионға билет жанкүйер қолына тиген. Осыған дейінгі көп сатылым 1996 жылы Атлантада болған (8 миллион билет). Ал Парижге ойындар атмосферасын сезіну үшін 15 миллионға жуық турист барған. Бұдан бөлек ареналарда 45 мың ерікті спортшылар мен қонақтарға қызмет көрсеткен.
Еске салсақ, Қазақстан делегациясы Париж Олимпиадасында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдеге ие болып, 43-орын алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!