Фото: Reuters/Yonhap
Бангкоктан (Таиланд) келе жатқан Jeju Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Муан әуежайына дұрыс қона алмай қоршауға соғылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жергілікті Yonhapnews agency агенттігінің мәлімітетінше, мерт болғандар саны 179-ға жетті.
Ұшақта 181 адам болған, оның алтауы экипаж мүшесі екені айтылды.
Бортта 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. 2 жолаушы ғана таиландтық, қалғандары – Корея азаматтары.
Jeju Air әуе компаниясының апатқа ұшыруының екі негізгі себебін қарастырып жатыр. Олардың бірі ауа райы, екіншісі құстармен соқтығысу.
Апаттан тек 2 адам тірі қалды.
Жағдай бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!