Фото: www.trt.net.tr
Оңтүстік Кореяның Кунсан қаласында толассыз жаңбырдан су тасқыны жүріп, 5 адам опат болды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.
Тағы бір азамат жоғалып кетті. Мамандардың айтуынша, небәрі бір сағатта 130 миллиметр жауын-шашын түскен. Ондаған үй қирап, су қоймалары бүлінді. Шаһарда көлік қозғалысы қиындап, әуе рейстері кейінге шегерілді.
Қазір құтқарушылар қауіпті аймақта қалып қойған азаматтарды жаппай эвакуациялап жатыр. Осы уақытқа дейін 3500 адам көшірілген. Билік өкілдері 50 елді мекенде лай көшкіні жүру қаупі барын ескертіп, тұрғындарды мейлінше сақ болуға шақырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!