Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында Ли Чжэ Мён жеңіске жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы “Yonhap” ақпараттық агенттігі мәлімдеді.

Оппозициялық Демократиялық партияның атынан үміткер болған Ли Чжэ Мён 49%-дан астам дауыс жинады. Оның басты қарсыласы, билеуші партияның кандидаты Ким Мун Су жеңілгенін мойындап, қарсыласын құттықтап та үлгерді.

61 жастағы Ли Чжэ Мён бес жыл мерзімге сайланады. Бұған дейін ол 2022 жылы өткен президент сайлауында да үміткер болған.

Жаңа басшы сыртқы саясатта АҚШ және Жапониямен арадағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Бұдан басқа Солтүстік Кореямен байланыс арналарын қалпына келтіру мақсаты да тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!