Фото: ВВС
Пәкістанда аптап ыстықтан 600-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.
Қаладағы ауа температурасы 40°С-тан асып кеткен.
Елдегі ең ірі жедел жәрдем қызметін басқаратын Эдхи қорының басшысы Фейсал Эдхи жедел жәрдем көліктері аптаның басында ыстықтан зардап шеккендердің денелерін мәйітханаларға жеткізге бастағанын айтады.
«Әдетте, Карачи қалалық мәйітханасына күн сайын 30-40 мәйіт түседі. Бірақ соңғы алты күнде олардың саны 568-ге жетті. Тек сейсенбіде 141 адамның денесі жеткізілген. Олардың көпшілігі қаланың әр аудандарынан әкелінген», – деп хабарлады Фейсал Эдхи.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!