Сурет: depositphotos.com
12 сәуір күні Пәкістан аумағында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, дүмпу Астана уақыты бойынша 12:30-да сезілген.
«Эпицентр Атток қаласынан (халқы шамамен 85,4 мың адам) солтүстік-шығысқа қарай 19 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 39 шақырым тереңдікте тіркелді», – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін, 9 сәуірде Индонезияда да дәл осындай магнитудамен (5,0) жер сілкінісі болған. Сарапшылар ол дүмпуді де айтарлықтай сезілетін деп бағалаған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!