Фото: ҰОК
Париж Олимпиадасы кейінгі жиырма жылдағы ең бюджеттік Олимпиада болды: Standart & Poor’s аналитикалық агенттігінің мәліметі бойынша, оған жұмсалған шығындар 9 миллиард еуроға жуық болды. Бұл француз астанасында спорттық инфрақұрылымның алдын ала дайын болуының арқасында мүмкін болды, ұйымдастырушылар тек бар нысандарды бейімдеп, жөндеуден өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Франиция Олимпиадаға арналған жаңа ірі нысандарды салған жоқ, ал көптеген құрылыстар уақытша ғана орнатылды.
Сонымен қатар Париж Олимпиадасын ең «жасыл» деп атайды. Француздар – заманауи Олимпиада ойындары тарихында алғаш рет барлық іс-шараларды тек қаладағы энергетикалық инфрақұрылымның көмегімен және электр қуатымен қамтамасыз етуді шешкендерін айтады. Бұған дейінгі Олимпиадаларда кеңінен қолданылған дизель-генераторлар Парижде тек апаттық жағдайлар үшін ғана қажет саналды.
Келесі Олимпиада Лос-Анджелесте өтеді. Оның ұйымдастырушылары Париждің бұл тәжірибесін мұқият зерттеп, өздерінде қолдануды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!