SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Юсуф Дикеч не себепті өзгелер сияқты арнайы киімсіз және шуды болдырмайтын құлаққап пен арнайы көзілдірік тақпағанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Сhampionat.kz дерегінше, Юсуф Дикеч бұрынғы әскери қызметкер екен. Ол жарыста арнайы спорттық құрал-жабдықтарды, құлаққаптарды пайдаланбай, кәдімгі көзілдірікпен шықты.

Оның қолын қалтасына салып, жайбарақат тұрғаны көпті күлдірді. Оны диваннан тұрып, жастарға сабақ көрсетуге келген әкемен немесе фильмдердегі киллермен салыстыра бастады. Адамдар оның түрінен түрлі мемдерді жасай бастады.

«Бұл – өзімді ең жайлы сезінетін және денемді ең тұрақты ұстай алатын позиция. Сырттан сабырлы болып көрінгеніммен, ішім алай-дүлей болып жатты. Бұл желіде сонша таралып кетеді деп ойламаған едім. Жеңіске жеткен досым, алтын иегері «Мен бірінші орын алдым, бірақ бәрінің аузында сенсің» деп күлді, – деді Дикеч.

Юсуф Дикеч 1973 жылы 1 қаңтарда Гексун қаласында дүниеге келген. Ұзақ уақыт Түркия Қарулы Күштері Жандармерия бас қолбасшылығында қызмет атқарып, аға сержант шенімен зейнеткерлікке шықты.

Әскери адам ретінде Дикеч жарыстарға шыққан. 2006 жылы ол әскерилер арасындағы әлем чемпионатында 25 метрге центрден оқ ату бойынша әлемдік рекордты жаңартты. 2013 жылы Жерорта теңізі ойындарында алтын мен күміс алды.

Юсуф өзінің алғашқы Олимпиадасына 2008 жылы барды. Содан бері ол бес ойынға қатысты. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!