2024 жылдың басты спорттық додасында 4 мемлекетке алғаш рет Олимпиада жүлдесі бұйырды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Париж Олимпиадасына қатысқан 206 мемлекеттің тек 91-іне ғана жүлде бұйырды. Осы орайда 4 ел ғана бірінші рет биылғы додада жүлде тұғырынан көріне алды.

Доминика — 74 мың адам.

Үш қарғып секіруден Теа Лафонд Доминика жерінде дүниеге келгенімен, кішкентай кезінде АҚШ-қа көшкен. Бірақ Доминика атынан сынға түсіп, Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

Сент-Люсия — 180 мың адам

100 метрге жүгіруден әйелдер бәсекесінде Жюльен Альфред топ жарды. Ал 200 метр қашықтықта күміс жүлде тақты.

Кабо-Верде — 583 мың адам.

Бокстан 51 келіде сынға түскен Даниэл Варела де Пина жартылай финалға дейін жетіп, Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтан есе жіберді. Бұл спортшы бұған дейін 2022 жылы Африка чемпионатының қола жүлдесін алған.

Албания — 2,8 млн халық.

2024 жылы Ресейде өмірге келген Чермен Валиев Албания сапына ауысуға шешім қабылдады. Еркін күрестен 74 келіде сынға түскен балуан 10 тамыз күні қола жүлде жеңіп алды.

Артынша 1 күн өткен соң, 65 келіде тағы бір Ресейден келген Ислам Дудаев қола медаль иеленді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!