Фото: depositphotos.com

21 маусымда Парижде Олимпиада кезінде шабуыл жасауды жоспарлаған 19 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Француз полицейлері Париждегі жазғы Олимпиада ойындары кезінде террористік акт ұйымдастырғысы келген ер адамды ұстағанын мәлім етті. Бұл туралы Le Parisien жазады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, орындаушы емес, қылмыстық топтың басшысы ұсталды. Ол иудаизм сеніміндегі адамдарға шабуыл жасауды көздеген. Олардың көмекшілермен дайындық жөніндегі байланысы Telegram-дағы топ арқылы жүзеге асырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!