Фото: ашық дереккөзден
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен соң 24 наурызды жалпыұлттық Аза тұту күні деп жариялады.
Ресей басшысы Мәскеудегі «Крокус Сити Холлда» болған қайғылы оқиғаға байланысты теледидар ресейліктерге арқылы үндеу жасады. Владимир Путин оқиғаны теракт деп мәлімдеді.
Өз сөзінде Ресей басшысы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендерге көмектескені үшін ақ халаттылар мен азаматтарға алғысын білдірді.
22 наурызда Мәскеудегі «Кроус Сити Холл» кешенінде терактілік әрекет болды. Қаруланған белгісіз бір топ адам концертке келген халыққа оқ жаудырды. Кейінірек ғимаратта жарылыс естіліп, соңы өртке ұласты. Соңғы мәліметтер бойынша «Крокус Сити Холл» кешеніндегі лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 200-ден асқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!