Фото: POOL
Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ пен Украинаның қауіпсіздік туралы келісімін қоқан-лоқы деп атады, оның пікірінше, бұл келісімшарт түкке тұрғысыз.
«Бірінші жартыжылдықта Украина бірқатар еуропа елімен екі келісім пакетін жасасты, енді АҚШ-пен де осындай құжатқа қол қоймақ… Егер кейінірек мұндай келісімге құқықтық сараптама жүргізілсе, бұл құжаттарға кім және қандай өкілеттікпен қол қойды деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Мұның бәрі сандырақ болып шықты, келісімшарт түкке тұрғысыз, оның барлық құрылымы қирап қалады», – деді Путин Ресей сыртқы істер министрлігі басшылығымен кездесуінде.
Путин сондай-ақ Ресейдің Украина мәселесі бойынша келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін айтты.
«Біз ертең-ақ келіссөз үстеліне отыруға дайынбыз, біз құқықтық жағдайдың ерекшелігін түсінеміз, бірақ онда заңды билік бар, мен мұны жаңа айттым, келіссөз жүргізетін адам бар. Мархабат, біз дайынбыз», – деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!