Чад президентінің резиденциясына шабуыл жасағандардың 18-і қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
ВВС мәліметінше, шабуылды «Боко Харам» жиһадтық тобының содырлары жасады деген болжам жасалған. Олар бұған дейін үкімет нысандарына соққы жасаған. Ал шабуылға барлығы 24 адам қатысқаны айтылды.
«Шабуыл жасаушылардың 18-і қаза тауып, алтауы жарақат алды. Бізде бір адам қаза тауып, үшеуі жараланған, біреуінің жағдайы ауыр», — деді үкімет өкілі және сыртқы істер министрі Абдераман Куламалла AFP-ге.
ВВС шабуыл кезінде Чад президенті Махамат Деби сарайда болғанын хабарлады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!