2025 жылғы қажылық маусымы барысында Түркиядан келген 14 азамат қайтыс болған, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
TRThaber мәліметінше, өлімнің негізгі себебі — жүрек-қан тамырлары және жұқпалы аурулар.
Марқұмдар Минадағы зиратқа жерленді, алайда кейбір отбасылар денелерін Түркияға қайтаруды сұраған.
Сонымен қатар қажылық кезінде 91 196 медициналық қызмет көрсетіліп, жүздеген адам емдеуге алынды. Қазір 40-қа жуық түркиялық қажы ауруханаларда ем қабылдап жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!