Фото: Stock
Қырғызстанда 12 сыныптық мектепке кезең-кезеңімен көшуге дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Akipress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
15 наурызда Қырғызстан министрлер кабинетінің мүшелері «Орта жалпы білім беру құрылымын жаңғырту туралы» бұйрықты қарап, бекітті.
Бұл шешім бойынша мектептегі жалпы білім беру жүйесі 12 жылдыққа ауысады.
12 сыныптық білім беру қазіргі 5-6 жастағы балалардан басталады.
Мектеп ғимараттары мен олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын түгендеу нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып қосымша студенттерге орын қажеттігін шешу жоспарланып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!